25 Қазан – Республика күніне орай!

Атырау сервис колледжінде ел мерекесіне арналған қуанышты жаңалықпен бөлісеміз!

Республика күніне орай колледждің әлеуметтік серіктесі – «Eurasia Support Services» ЖШС өкілдері колледжге арнайы келіп, жұмысшы маман иелеріне қамыр жайғыш машинаны сыйға тартты.

Шараға:

👩‍💼 Адам ресурстарын басқару бөлімінің директоры – Ихданова Гаухар,

👨‍💼 Өндірістік қатынастар және мемлекеттік органдармен байланыс басқармасының жетекшісі – Орынғалиев Ғафур,

👨‍🏫 Кәсіподақ төрағасы – Көшенов Марал,

🤝 Әлеуметтік және еңбек қатынастары жөніндегі үйлестіруші – Әбеуов Думан қатысты.

Қонақтар колледждің оқу шеберханаларымен танысып, студенттермен жылы әңгіме жүргізді. Болашақ мамандарға бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта жұмысқа орналасу мәселесінде қолдау көрсететіндерін атап өтті.

Колледж әкімшілігі өз кезегінде серіктестікке шын жүректен алғыс білдіріп, екі жақтың ынтымақтастығы алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

🎉 Республика күні құтты болсын!

Тәуелсіз еліміздің дамуы жолында еңбек ететін жастарымыздың болашағы жарқын болсын!

#RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным.


Жарияланды: 03.11.202513:55

Автор: