Биыл жоспарға сәйкес Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай онкүндік өтті

Біздің колледж жыл сайын Тілдер күнін атап өтеді. Биыл жоспарға сәйкес Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай онкүндік өтті.

Біздің іс-шараның мақсаттары мен міндеттері:

Студенттердің тіл туралы білімдерін кеңейту,

қарым-қатынас мәдениетін дамыту,

танымдық қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, тілдерді құрметтеу, өз тіліне мақтаныш сезімін дамыту және оны сақтау.

Онкүндік 1 және 2 курс студенттері дайындаған салтанатты би қойылымымен ашылды. Зал өте әдемі безендірілді, қатысушылар үш тілде білімдерін ортаға салды. Студенттер орыс тілінде өлең оқыды. Ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде ән шырқады, сонымен қатар Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық әсем билерін тарту етті. Іс-шара жақсы деңгейде өтті.

Екінші күні «Үздік эссе» байқауы өтті: «Тіл – халықтың тірі жаны». Барлық 1 және 2 курс студенттері белсенді қатысты, жеңімпаздар анықталды. Онкүндік шара «Үш тілде сөйлейік» сурет байқауымен жалғасты. Жеңімпазды анықтау қиын болды, өйткені студенттердің барлық суреттері танымдық тұрғыда қиялымен ерекшеленді. Жоспарға сәйкес, онкүндікті «Тіл-достықтың кепілі» фестивалі жалғастырды, әр топ өз кураторларымен бірге біздің қалада тұратын ұлт өкілдерінің өнерін ұсынды. Онда қазақтар, орыстар, грузиндер, британдық және басқа ұлт өкілдері болды. Тіл арқылы адамдар бір-бірін тауып, халықтың рухани мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін түсінуге үйренеді. Қорытынды кезеңде онкүндіктің жабылу салтанаты болды, онда студенттер сертификаттармен марапатталды. Онкүндікте атқарылған жұмыстар жақсы нәтиже берді, іс-шаралардың арқасында көптеген студенттердің қабілеттері мен таланттары ашылды. Мереке жайлы, жағымды атмосферада өтті.


Жарияланды: 13.06.202208:56

Автор: