Жазбалар айына: Ақпан 2026

20.02.2026 13:31

 

«Қазақия» қоғамдық қоры Атырау сервис колледжін Алғыс хатпен марапаттады.

Колледж студенттері «Қазақия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен мәдени-танымдық шараларға белсене қатысып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Әсіресе, «Тігінші» мамандығында білім алып жатқан студенттер шеберлік сағаттарына қатысып, ұлттық қолөнер бағытындағы жұмыстарымен көпшілікті тәнті етті. Олардың кәсіби шеберлігі мен ізденісі ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.

Бұл марапат – колледж ұжымының, студенттердің еңбегі мен шығармашылығына берілген жоғары баға.

Алдағы уақытта да ұлттық құндылықтарды насихаттау, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру мақсатында бірлескен іс-шаралар жалғасын табатын болады.

✨ Атырау сервис колледжі ұжымын және студенттерін шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

20.02.2026 13:27

Көрмеге колледжіміздің кітапханашысы Муханбетжанова А.О. жетекшілік жасап, студенттерге ақынның жыр жинақтары, естеліктері және мерзімді басылым материалдары ұсынылды.

Көрме барысында студенттер Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылығы, қазақ поэзиясындағы орны туралы жан-жақты мәлімет алып, ақынның шығармаларымен танысты. Іс-шара студенттердің әдеби білімін тереңдетуге, поэзияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Атырау сервис колледжі әдебиет пен мәдениетті насихаттауды, жастардың рухани дамуын басты назарда ұстайды.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

20.02.2026 13:26

Атырау сервис колледжінде «Қазақия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында

«Сұлулық сымбат тәрбиесі. Кимешек тігу және кигізу» тақырыбында тәрбие шарасының 1-күні жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – қыз балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ қызының әдебі мен тәрбиесін насихаттау, сондай-ақ ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық киімдердің мән-мағынасын терең түсіндіру болды.

Шараға арнайы қатысқан «Қазақия» қоғамдық қорының жетекшісі Жанар Әбіш Төрениязқызы мен тігінші шебер ана Сапарова Нұрлыгүл Шамратқызы қыз балалармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, қыз тәрбиесінің маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, қазақ халқының ертеден келе жатқан кимешегінің пайдасы мен қасиеті, оның тәрбиелік, рухани және эстетикалық мәні туралы құнды ақпараттар берілді.

Практикалық бөлімде «Тігінші» мамандығында білім алып жатқан студенттермен бірге тігін цехында кимешек тігу процесі басталып, студенттер ұлттық бұйымды өз қолдарымен дайындау мүмкіндігіне ие болды. Бұл шара болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал етті.

Осындай тағылымды тәрбиелік шаралар студенттердің рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне және мәдени мұраны сақтауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

✨ Студенттерімізге шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!

Алда шараның келесі күндері өз жалғасын табады.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

20.02.2026 13:15

Әдібай Табыладының 100 жылдығына байланысты іс-шаралар өткізуді қарастыруға байланысты
Атырау сервис колледжінде "Қазақ тілі мен әдебиеті " пәнінің мұғалімі Беккалиева Гулзия
Беккалиевнаның ұйымдастыруымен "Әдібай Табылды- балалар ақыны" атты шара өткізіліп,
1946жылдан бері Әдібай ақынның жас жеткіншектерге өлеңдерін арнағандығын,балабақша мен
мектеп сахнасы үшін пьесалар мен сценарийін жазғандығын,оның бүлдіршіндер мен
жасөспірімдер үшін 31 кітабы бар екендігін айтып,кітапханадағы бар кітаптарына шолу жасалды.
Колледж студенттері ақынның балаларға арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып,жаттап айтып, ақын
шығармашылығына өздерінің қызығушылықтарын танытты.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

20.02.2026 13:06

Атырау сервис колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында студенттерге арнайы бейнероликтер көрсетіліп, олар бойынша ашық талқылау жүргізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, есірткі қылмысы мен зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Студенттер бейнероликтерді көріп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын, болашақта келеңсіз жағдайларға қалай жол бермеу керегін ой елегінен өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдер өз ойларын ортаға салып, құқықтық сауаттарын арттыруға бағытталған пайдалы ақпарат алды. Мұндай шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіз әрі жауапты болуға тәрбиелейді.

💡 Ұмытпайық: Қауіпсіздік – әркімнің қолында!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov