Жазбалар айына: Маусым 2025

11.06.2025 15:03

Буллинг және кибербуллингтен қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмысы

📍Атырау сервис Колледжінде білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік сауаттылығын арттыру мақсатында, оқу орнының психологы А.Х Калиева тарапынан «Буллинг және кибербуллингтен қорғану жолдары» тақырыбында арнайы презентациямен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

📍Іс-шара барысында студенттерге буллингтің (яғни, қорқыту, кемсіту, мазақ ету, психологиялық қысым көрсету) түрлері мен белгілері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда кең таралған кибербуллинг ұғымы — интернет желісі арқылы жүргізілетін психологиялық қысым, бопсалау, аноним жала жабу, қорлау әрекеттері жайлы нақты мысалдармен жеткізілді.

📍Психолог өз баяндамасында буллинг пен кибербуллингтің адам психикасына әсерін, оның салдарынан туындайтын эмоционалдық күйзелістер мен өзін-өзі бағалаудың төмендеуі секілді мәселелерді атап өтті. Осындай жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін, студенттерге өзін-өзі қорғау жолдары, сенімділік қалыптастыру, уақытылы көмек сұрау және құқықтық қорғану тетіктері жөнінде маңызды кеңестер берілді.

📍Презентация интерактивті форматта өтіп, студенттер өз ойларын ортаға салып, тәжірибелік сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Психолог тарапынан әр сұраққа нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.

📍Бұл іс-шара студенттерге қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — буллингпен күресу жолдарын үйретіп қана қоймай, оларды психологиялық тұрғыдан қорғануға, сенімділік пен адамгершілікке баулуда үлкен маңызға ие болды.

04.06.2025 15:13

Бүгін колледжімізде мемлекеттік рәміздерімізге деген зор құрмет пен мақтаныш сезімін ұлықтауға арналған салтанатты жиын өтті. Бұл айтулы шараға колледжіміздің қызметкерлері мен студенттері белсене қатысып, барша жұртшылықпен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін шырқап, бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойында патриоттық рухты, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерімізге деген жауапкершілікті арттыру.

Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігінің, тарихы мен болашағының айқын белгісі. Туымыз – бейбітшілік пен бірліктің нышаны,

Елтаңбамыз – елдік пен егемендіктің белгісі,

Гимніміз – жүректі тербейтін ұлы үн!

 

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жастарымыздың жүрегіне рух, бойына сенім, болашаққа ұмтылыс сыйлайды.

 

Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!

Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

#біртұтастәрбие

#Атыраубілім

#atyrau_bilim_bolimi

#atyrau_bilim

#bilim_sapasy_bagalau

#жемқорлыққажолжоқ

#isb_atyrau

#біртұтас_тәрбие

atyrau_servis_college

#tarbie_ortalygy_atyrau

#біртұтас_тәрбие_атырау

#құқықбұзушылық_атырау_2024

#нашақорлық_атырау_2024

#біртұтас_тәрбие_атырау_2024

#ертежүктілік_атырау_2024