Жазбалар айына: Мамыр 2025

19.05.2025 10:55

13 мамыр күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы Ө.Көшеков атындағы аграрлы-техникалық колледжінде “Озық тәжірибе- білім берудегі жаңашылдық кепілі” тақырыбында ТжКББҰ-ның химия -биология оқытушыларына арналған интеллектуалды сайыс өтті.

Мақсаты:ТжКББ ұйымдарының химия биология оқытушылары арасында үздік педагогикалық тәжірибені насихаттау.

Пән оқытушыларының цифрлық құзыреттілігін арттыру, заманауи технологияны пайдалану тәжірибесін ортаға салып панорамалық сабақ көрсету арқылы әдістемелік шеберлікті жетілдіру.

Аталған шараға колледжіміздің химия-биология пәні оқытушысы Джулдаева Г.Т катысып Алғыс хатпен марапатталды.

 

19.05.2025 10:50

2025 жылдың 12-16 мамыр күндері “Атырау сервис колледжі” аясында 1 курс студенттеріне 5 күндік оқу-далалық жиыны басталды.

Мақсаты:

– Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқу бағдарламасына толық орындау.

– Студенттердің әскери және спорттық дайындығын тексеру.

– Әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу.

19.05.2025 10:44

Атырау сервис колледжінде Халықаралық отбасы күніне орай “Отбасыммен өткізілген бір күн” челленджі өтті

✅15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Атырау сервис колледжінде ерекше форматтағы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 1-курс студенттерінің топ жетекшілері мен ата-аналарының қатысуымен “Отбасыммен өткізілген бір күн” атты челлендж өткізілді.

✅Бұл челлендждің басты мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайту, бір-біріне деген сенімді арттыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу болды. Ата-аналар өз отбасыларымен бірге өткізген бір күнін суреттер, бейнематериалдар және әсерлі әңгімелер арқылы бөлісіп, керемет көңіл-күй мен жылы лебіздер сыйлады.

✅Іс-шараның ұйымдастырушысы – колледждің педагог-психологы Калиева А.Х. Челлендж ата-аналар тарапынан үлкен қолдау тауып, олардың белсенділігі мен шығармашылығы колледж ұжымының ризашылығына ие болды.

✅Мұндай бастамалар отбасылық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, колледж бен ата-аналар арасындағы байланыс пен сенімді одан әрі тереңдете түседі.

15.05.2025 10:32

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ

ІС-ШАРАНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАСЫН ЖҮРГІЗУ

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ,

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ,

ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАУ,

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАР МЕН КӨШЕЛЕРДЕГІ БҰЗАҚЫЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚОЛ СҰҒУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

?ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ПРОКУРОРЫ ҚАЛДЫБАЕВ АБЗАЛ СЕЙТСҰЛТАНҰЛЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ ХАМЗИН ДУЛАТ БОЛАТБЕКҰЛЫ. ?ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ НУРТАЗИНА АЛИЯ ҚАЙЫРБЕКҚЫЗЫ

БІЗДІҢ КОЛЛЕДЖДЕ ДЕ ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП, БІЛІМ АЛУШЫЛАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ӘРІ ҚАРАЙ ДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ.

КОЛЛЕДЖ БАСШЫЛЫҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТӘРТІБІН ЕРЕКШЕ НАЗАРДА ҰСТАЙДЫ. БҮГІН КЕЛГЕН АРНАЙЫ МАМАНДАРҒА АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары #закон_и_порядок #заң_және_тәртіп #oqu_agartu_ministrligi #prokuror_aitimov