Жазбалар айына: Мамыр 2025

30.05.2025 14:52

Бүгін “Сән технологиясы” құзыреттілігі бойынша білім алып жүрген болашақ тігінші мамандарымыздың қорытынды жұмыстары ұсынылуда.

 

Бұл – тек сайыс емес, бұл – шығармашылық пен шеберліктің көрінісі!

Матаны сөйлетіп,

Ине мен жіпті өнерге айналдырып,

Әсем туындылар жасап жатқан қатысушыларымыз – нағыз болашақтың мамандары!

 

Колледжіміздің дарынды студенттеріне сәттілік тілейміз!

Олардың әрбір жұмысы – кәсібилікке, талғамға, сән мен сапаға деген адалдықтың белгісі.

 

Бұл – тек бастамасы!

Келешекте бұл есімдер отандық сән индустриясында танымал болады деп сенеміз!

 

#WorldSkillsAtyrau2025

#АтырауСервисКолледжі

#СәнТехнологиясы

#ЖасМаман

#ТігінМаманы

#КәсіптікБілім

#ҮздікҚатысушылар

#ҚорытындыЖұмыстар

#КреативЖасМамандар

#БолашақСәнгерлері

#SkillsForTheFuture

30.05.2025 14:46

Қатысушылар бар күш-жігерін салып, кәсіби шеберліктерін паш етуде.

Кеше мен бүгіннің нағыз ең үздік жұмысшы мамандары осы алаңда бас қосып, өз саласының мықтысы атану үшін аянып қалмады.

Бүгінгі күн — шеберліктің, табандылықтың, кәсібиліктің нағыз шыңы көрінетін күн!

 

Кім мықты?

️ Кім үздік?

Жауабы — бүгін!

 

Барлық қатысушыларға сәттілік! Ал ең мықтылар жеңіске жетсін!

 

#WorldSkillsAtyrau2025

#SkillsForTheFuture

#ӨңірлікЧемпионат

#ЖасМаман

#Атырау

#ҮздікШебер

#КәсіптікБілім

#ШеберлерСайысы

#БүгінСоңғыКүн

#ЖеңіскеБірҚадам

29.05.2025 14:56

Дайындаған: Ағылшын пән оқытушысы Кенжебаева С.К.

Мақсаты:Студенттерге 2 ғасырдан аса  тарихы бар Ағылшын классик жазушысы Джейн Остиннің туылғанына 250 жыл (ағылш. Jane Austen, 1775—1817) толғанын айтып, таныстыру.

Джейн Остин — әдебиет тарихындағы ерекше тұлға. Оның шығармалары қазіргі күнге дейін әлемнің түкпір-түкпірінде оқылып, талданып келеді. Өз заманының әлеуметтік жағдайларын өткір әрі сатиралық түрде сипаттаған Остиннің романдары әлі күнге дейін адамдарды қызықтырады және оларды өз әлемімен баурап алады. Оның туындылары адам жанының кейіпкерлер психологиясына енуіне мүмкіндік беретін, нағыз “ағылшын әзілінің” дәмін татқызатын әлемдік шедеврлердің қатарына енгізілген. Джейн Остинді бүгінге дейін ағылшын әдебиетінің “бірінші ледиі” деп атайды. Оның шығармалары Ұлыбританияның университеттері мен колледждерінде міндетті түрде оқытылады.

Джейн Остиннің әдеби мұрасы әлемдік әдебиетте ерекше орын алады. Оның шығармаларының қоғамдық және жеке өмірге деген өткір көзқарасы көпшілікке танымал және бүгінгі күнге дейін оқырмандарды қызықтырады. Оның шығармаларының қазақ тілінде де бір неше  аудармалары бар. Шығармалары: Үш апалы-сіңлі,Махаббат пен достық,  Англия тарихы,Кассандра сұлу.

Романдары:  “Сана мен сезім”,”Тәкаппарлық пен жаңылыс “,«Тәкаппар ғашықтар».

Студенттердің жас ерекшеліктеріне байланысты колледж кітапханасындағы «Тәкаппар ғашықтар» романын оқуға ағылшын пән оқытушысы  кеңес берді.

29.05.2025 11:04

Мақаштың дайындаған ашытқысыз қарақұмық наны, классикалық круассан және шоколатині – нағыз шедевр! Оның өнері мен шығармашылығы нан-тоқаш өндірісіндегі жоғары деңгейдің айғағы болып отыр.

Бұл жас талантқа шексіз сенім артамыз!

Алға, Мақаш! Жарысың жарқырай берсін!

#WorldSkillsAtyrau2025

#НаубайханаІсі

#АтырауСервисКолледжі

#ЖасТалант

#ШеберлікЖарысы

#БолашақНаубайшы

29.05.2025 10:40

1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекеленген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну бойынша

2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру

3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау.

6. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау

7.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру

8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау.