2025 жылдың 20-23 қараша аралығында Түркия елінде өткен GASTRO ANTALYA халықаралық фестивалі өтті.
2025 жылдың 20-23 қараша аралығында Түркия елінде өткен GASTRO ANTALYA халықаралық фестивалі – әлемнің үздік аспаздары мен кондитерлерін бір алаңда тоғыстыратын беделді бәсеке. Бүгін де бұл фестивальдің бәсі биік, бағасы жоғары,соңғы алты жылдың ішінде осы алаңда 25 елден келген 400 мыңнан астам кәсіби маман мен жас шеберлер өзара сайысып, тәжірибе алмасқан.
Биылғы байқауда Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты «Атырау сервис колледжінің» 3-курс студенттері Исеналиев Ислам аспаз ісі құзыреттілігі бойынша III орын, ал Жетписханова Айжан II орын иеленді. Бұл – еліміздің білім беру саласы мен техникалық және кәсіптік мамандықтардың дамуындағы маңызды жетістік. Жас аспаздарымыздың бұл табысы – тынымсыз дайындықтың, кәсібіне деген адалдықтың жемісі.
Сонымен қатар әлеуметтік серіктестеріміз – ЖК «Бостан», қазақы үлгідегі «Сарқыт» мейрамханасының бас аспазы Құрманбеков Бағытжанға қолдау көрсеткендері үшін зор алғысымызды білдіреміз. Жеңіс құтты болсын.



