18.02.2026 ж.күні Атырау сервис колледжінің әдістемелік жоспарына сәйкес «WorldSkills стандарттары: тәжірибе алмасу және кәсіби даму алаңы» атты семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өтті.

 

Семинардың негізгі мақсаты – халықаралық WorldSkills стандарттарын насихаттау, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды. Іс-шара барысында қатысушылар WorldSkills қозғалысының талаптары, бағалау критерийлері және заманауи өндірістік технологиялармен танысты.

Сонымен қатар, мамандықтар бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатында №3 және №16 мектептердің 9-сынып оқушыларына колледжге экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар оқу орнымыздағы материалдық-техникалық база, заманауи шеберханалар мен зертханалар жұмысымен танысты.

Мектеп оқушылары түрлі мамандықтардың қыр-сырымен танысып, колледж студенттерінің кәсіби шеберлігіне куә болды. Шеберханаларда өтіп жатқан колледжішілік «WorldSkills» байқауына қатысушы студенттердің практикалық жұмыстарын көріп, олардың шығармашылығы мен кәсіби дайындығына жоғары баға берді.

Іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, техникалық және кәсіптік білім берудің маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Атырау сервис колледжі – сапалы білім мен кәсіби шеберліктің ордасы!

Сіздерді заманауи әрі сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге шақырамыз!

Қош келдіңіздер! 🎓✨

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


Жарияланды: 20.02.202614:04

Автор: