18.02.2026 ж., Атырау сервис колледжі әдістемелік жоспарына сәйкес «WorldSkills стандарттары: тәжірибе алмасу және кәсіби даму алаңы» атты семинар жоғары деңгейде өтті.
Ауқымды іс-шараға ТжКББ әдістемелік орталығының мамандары, қаламыздағы қызмет көрсету саласы бойынша маман даярлайтын колледж оқытушылары, арнаулы пән және өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ колледжіміздің әлеуметтік серіктестері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар WorldSkills чемпионатының стандарттары мен талаптарымен танысып, халықаралық кәсіби құзыреттер жүйесінің маңыздылығын жан-жақты талқылады. Сонымен қатар студенттерді халықаралық деңгейдегі жарыстарға сапалы даярлау тетіктері қарастырылды.
Іс-шарада әлеуметтік серіктестер мен әдістемелік орталық мамандары, аудан колледждерінен келген әріптестер белсенділік танытып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіби даярлық сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар айтылып, білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту жолдары айқындалды.
✨ Семинардың ерекше кезеңдерінің бірі – әлеуметтік серіктесіміз Ақбалиев Жанболат өткізген шеберлік сағаты болды. Практикалық бөлім барысында қатысушылар заманауи әдіс-тәсілдерді іс жүзінде көріп, кәсіби дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.
🤝 Бірлескен жұмыс – сапалы білім мен білікті маман даярлаудың берік негізі!
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


