Жалған сөйлеудің зардабы ауыр, жазасы қатаң!
Шыншылдық адам баласын екі дүниеде де бақытқа жетелейтін асыл қасиет. Ал, өтірік айту, жалған ақпарат тарату – бұл бүлікке апаратын іс-әрекет. Олай болса,
жалған ақпарат таратудың діндегі үкімі мен Заң жүзіндегі жазасы қандай болмақ? Осы сауал төңірегінде ізденген Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ бүгін, 20 қарашада, Атырау Сервис колледжінде «Жалған ақпарат жарға жығады немесе жалған ақпарат таратудың жазасы қандай?» атты дөңгелек үстел өткізді. Кездесуге Атырау облысы Полиция Департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Асылбек Тілекұлы мен «Шапағат» ҚБ теолог маманы Сұлтангелді Серікұлы қатысып, өзекті тақырып аясында ой өрбітті.
– Жалған терроризмнің негізгі объектілері – көбіне-көп мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар. Ағымдағы 2023 жылы күні бүгінге дейін республика бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған 160 хабарлама түсті. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау және тарату ҚР ҚК 273 бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке жатады және 5 000 АЕК-ке дейін немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза бар,-деді
А. Тілекұлы өз сөзінде.
Жалпы спикерлер жүргізген ақпараттық түсіндірме жұмыстары мен арнайы бейнематериал жастарға терең ой салды. Іс-шараға қатысқан «Наубайшы» — 16 тобының I курс және «Аспаз-57» тобының II курс студенттері жалған сөйлеудің зардабы ауыр, жазасы қатаң боларын ұғынды.
@assembly_kz @krmo_gov.kz @assambleya.tv @qogamdyq_kelisim @atyrau_oblysynyn_akimdigi @atyrau_qalasy_akimdigi @isb_atyrau @ishkisaiasat_atyrau @zhasulanbisembieff @gulnur.suiyeuova @assembly_jastary_atyrau @assembly_sko @kha_karagandy @assembly_jambyl @kyz_assambleya @ank_sko @assemby_astana @police.atyrau
@eko_dovira @sinitsyna5100 @ecobulina @korablyov_andrey @arsk_atyrau @atyrau_servis_college @shapagat_atyrau
@svetoch_atyrau @eko_svetoch @tatary_atyrau, @vaynakh.atyrau
@parvaz_atyrau_uighurliri @gulnas1279 @eco.novruz @eldar06021964 @wiedergeburt_atyrau @shmal_wb_ @lyudmilalee @marinehealth_doctor_ilkhom
@qogamdyq_kelisim