Атырау сервис колледжінде «Заң және тәртіп» аясында «Ардагер дәрісі – рухани тәрбие негізі» жобасына сәйкес студенттерге арналған мазмұнды дәріс сабағы ұйымдастырылды

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру болды.

Дәріс барысында Ішкі істер департаментінің ардагері Андакулова Гульнар Ихсановна студенттерге заңдылық, тәртіп сақтау, құқықтық мәдениет және жеке жауапкершілік тақырыптарында кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, ол өз қызметтік тәжірибесінен мысалдар келтіріп, құқық бұзушылықтың салдары мен оның алдын алу жолдары туралы түсіндірді.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Ардагердің өмірлік тәжірибесі мен тағылымды әңгімелері жастарға үлкен әсер қалдырып, олардың құқықтық санасының қалыптасуына оң ықпал етті.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар студенттердің бойында отансүйгіштік, жауапкершілік және заңға құрмет сияқты қасиеттерді дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

#tarbie_ortalygy_atyrau #gylym_jogarybilim @bilim_sapasy_baqylau @ishkisaiasat_atyrau @gylym_jogarybilim #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #күшіміз_бірлікте #talap.edu.kz

#bilimim_otanyma #біртұтас_тәрбие_атырау #салауатты_өмір_салты #tarbie_ortalygy_atyrau


Опубликовано: 24.04.2026 в 15:30

Автор: